01
сентябрь
2019
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты мерекелік іс-шара
2019 жылдың 1-қыркүйегі күні «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға 1-11 сыныптардың оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін ортаға мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер шақырылды. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының гимнінің орындалуымен ашылды. Мерекелік іс-шарада алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Ибраимова Рахат Нығметбекқызы сөйледі. Келесі сөз кезегі жиынға келген қонақтар Аудан әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлына, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлына және Ақсу ауданының Құрметті азаматы Есеболатов Тлеухан Есеболатұлына берілді. 1 сынып ата-анасынан құттықтау сөз Өмірсейтова Назгүлге, 11 сынып ата-анасы атынан Қамқоршылық кеңестің төрайымы Шатырбаева Гүлжанға берілді. Алғашқы қоңырауды күмбірлете 11 «А» сынып оқушысы Әкімбек Асқар және 1 «А» сынып оқушысы Берік Айару соқты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен аяқталды.




