Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2019

Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан


«Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындығы интернатымен» КММ-нің  2019-2020 оқу жылында «16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік» күніне орай  кітапханашы Ж.Мансурова «Тұғырлы Тәуелсіздік кезеңдері» тақырыпта кітап көрмесін, ал технология пәнінің мұғалімі Б.Молдақымет «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. «Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы» тақырыбында 2-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті. «Тәуелсіздік тұғырында-болашақтың жастары» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары эссе жазды. 1-11 сыныптар арасында «Жасай бер, жаса, Тәуелсіздік ел-Қазақстан» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты бастауыш сынып оқушылары әдеби-монтаждарымен бастаса,  10 а сынып оқушы Нұрбай Арнай өзінің арнауын оқыды. 9 а сынып жетекшісі Ардагүл Нұрханқызы «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына келген қонақтар желтоқсан оқиғасына қатысқан Ақсу политехникалық колледж мұғалімі Қапсаламов Маулет және ардагер ұстаз Сағымбаев Молдахан  келіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Ашық тәрбие сағаты жоғарғы деңгейде өтті.