Аудандық "Мағжан оқулары" » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2022

Аудандық "Мағжан оқулары"



2022 жылдың 06 сәуір күні біздің "Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында
аудандық "Мағжан оқулары" ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес  Мағжан оқуы үш бағыт бойынша 57 оқушының қатысумен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер ақынның өмірі мен мұрасына  арналған ғылыми жобаларын қорғады. 
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша " Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім"- ақын шығармаларын жатқа оқу бағытында I орынды І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қайдарқызы Гүлдина,  "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған"- жас ақындар бағытында І орынды мектебіміздің  8 сынып оқушысы Тортай Ержан иеленсе, "Толқынмен толқын сырласып..." М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бағытында І орынды 10 сынып оқушысы Серікқызы Сабина иеленді. Оқушылардың мәнерлеп оқу, ізденіс зерттеу жұмыстарымен айналысу, өлең шығару қабілеттерін дамытып, қазақтың  біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың  шығармашылығын насихаттауда алатын орны ерекше, тәрбиелік мәні зор.