Іс-шаралар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
июнь
2018

Іс-шаралар

Ұлы ақын мұрасын дәріптеу мақсатында 2017 жылдың 22 желтоқсанында Ақсу аудандық мәслихатының кезекті 23 сессиясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби мұражайы және Ақсу ауданының әкімдігі арасында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және мәдениет саласындағы өзара шығармашылық, ынтымақтастық дамыту үшін үшжақты меморандумға қол қойылып, Ақсу аудандық мәслихат депутаттарының ауданның барлық тұрғындарына, зиялы қауым мен ұстаздарға арналған үндеуін жолдаған. Осының негізінде аудандық І.Жансүгіровтың шығармалары бойынша бейнебаян түсіру бойынша байқау жарияланған. Мектеп басшысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Н.Ибраимованың жетекшілігімен оқушылардың қатысуымен «Поэзия эстафетасы» атты байқауына 2 оқушының бейнебаяны жіберіліп, нәтижесінде 11 сынып оқушысы Әсет Ақжол жүлделі І орынға ие болып, 40000 /қырық мың/ тенгеге теледидар, 9 сынып оқушысы Шаймерден Бейбіт жүлделі ІІІ орынға ие болып, қысқатолқынды пеш берілді. Жетекшісі Р.Н.Ибраимовға алғыс хат жариялады. Үндеуге қолдау мақсатында сәуір айында «Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына» арналған іс - шара жоспары жасалып бекітілді. Іс - шара жоспары 25 сәуір-15 мамыр аралығында өтті. Іс– шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Р.Н.Ибраимова сөз сөйледі. Оқушыларға іс - шара жоспары таныстырылып, байқауға жіберілген бейнебаян оқушылардың назарына ұсынылып, көрсетілді. Жоспарға сай 8-10-сыныптар аралығында І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылар арасында шығарма, эссе жұмыстары жазылып, қорытындысы шығарылды. Оқушылар «Ілияс-Құлагер ақын», «Ілияс- жыр дүлдүлі», «Ілияс- дарын иесі», «Ілияс- поэзия Құлагері» тақырыптарында қалам тербеді. 9-сынып бойынша 25 оқушы эссе жазды. Жазба жұмысының қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Байболова Шынар мен Бекишова Тоғжанның жұмыстары жоғары бағаланып, жүлделі орындарға ие болды/пән мұғалімі А.Н.Кыдырманова/.
«Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» тақырыбында 1-11-сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Байқауға барлығы-31 оқушы қатысты. Байқау кезінде оқушылардың мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығарманың тақырыпқа сәйкестігі және мазмұны мен көлемі ескерілді. Мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы негізінде бастауыш сыныптар бойынша 4Ә сынып оқушысы Махатай Әсия І орын, 4Ә сынып оқушысы Еркін Ардақ, 1А сынып оқушысы Көшербай Аделя және 2А сынып оқушысы Бектұр Даяна ІІ орын, 4Ә сынып оқушысы Оңалбек Жаңыл және Нұрсерікқызы Ұлпан ІІІ орынға ие болды. Ал жоғары сыныптар бойынша 5Ә сынып оқушысы Кеңесбай Маржан І орын, 6Ә сынып оқушысы Қалмұханбет Әдемі және Серікқызы Сабина жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Сайысқа оқушылар жан- жақты дайындалып келгені байқалды.
Жоспар бойынша көркемсөз оқу сайысына 4 оқушы қатысты. Оқушылар көркемсөзді мәнерлеп, дауыс ырғағымен нақышына келтіріп, жатқа оқуы және сахна мәдениеті бойынша қорытындыланды. Сайыстың қорытындысы бойынша пән мұғалімдерінің әлі де болса оқушыларды көркемсөз оқуға дағдыландырып, шығарманың мазмұныны түсіне отырып дауыс ырғағын келтіру қажеттігі ескерілді.
«Ілияс әлемі» тақырыбында әр сынып оқушылары қабырға газетінің байқауы жарияланып, нәтижесінде 8 сыныптың ғана газеті жарық көрді. Атап айтсақ, 2А сыныбы сынып жетекшісі Р.Т.Байдалинова, 2Ә сыныбы- А.А.Қасымбекова, 4Ә- Ф.Иманқожанова, 5А сыныбы - А.Кеңесбаева, 6Ә-А.С.Суюмбаева, 7А сыныбы -А.Н.Кыдырманова, 9А сыныбы -Ж.Мұхамет, 10А сыныбы -Ш.Бейсембекова. қабырға газетін эстетикалық талапқа сай рәсімдеу, мазмұндылығы мен тақырыптың ашылуы және тапсырманы уақытында орындалуы ескерілді. Соның негізінде ең бірінші болып қабырға газетін ілген 2Ә сыныбы- А.А.Қасымбекова. Газеттің талапқа  сай орындауын ескере келе 5А сыныбы мен 10А сыныбына І орын,  6Ә сыныбы мен 7А сыныбына ІІ орын берілді.
І.Жансүгіровтың шығармалары бойынша 5-10-сыныптар аралығында сахналық қойылым көрсетілді. Әдеби шығарманы өнер табиғатына сай оқи білу,  қарапайым актерілік шеберлігі, эстетикалық мәдениеті, сыртқы ортаға дәл, бейнелі әсер етуі бойынша оқушылардың қойылымы бағаланды. Өз ойын, актерлік шеберлігін ортаға салып, жан-жақтылығымен көзге түскен 7-сынып оқушысы Мейіржан Аружанды атап өтуге болады/пән мұғалімі А.Н.Кыдырманова.
«Үмітке мініп жүр көңіл» тақырыбында оқушылар ақынға арнау өлеңдерін шығарып, мәнерлеп оқыды. 8-сыныптағы Өзбекова Аяулымның арнау өлеңі жоғары бағаланды/пән мұғалімі А.Қожақаева/.
«Ілияс мұрасы және алаштану мәселелері» тақырыбында 8-11-сынып оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясы 14мамыр күні болып өтті. Ғылыми-практикалық конференцияға 8-сынып оқушысы Балтабаева Гауһар «І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңінің ономастикалық сипаты» тақырыбында/пән мұғалімі А.Оспанбекова/,  8-сынып оқушысы Тұрсын Бекбол /пән мұғалімі А.Қожақаева/ «І. Жансүгіровтың шығармаларындағы лексика», 5-сынып оқушысы Арғын Аяулым «І. Жансүгіровтің  «Бөбек бөлеу» өлеңінің тәрбиелік мәні.  Өлеңнің көркемдік ерекшелігі»,  9-сынып оқушысы Байболова Шынар «І.Жансүгіровтың «Рүстем қырғыны» поэмасындағы дәуір шындығы» және 9-сынып оқушысы Ілияс Аружан мен 11-сынып оқушысы Әсет Ақжол/пән мұғалімі А.Н.Кыдырманова/. «І.Жансүгіровтың махаббат лирикасы» тақырыптарында ғылыми жұмыстарын қорғады. Оқушылардың жұмыстарын сараптауда автордың танылмаған қырларын ашатын, жұмыстың өзектілігі, жаңалығы және талдау жасалған жұмыстың мақсат, міндетінің айқындылығы, талапқа сай орындалуы ескеріліп, ұсыныс айтылды. 

Похожие публикации:

28 апрель 2018 Іс-шаралар
20 апрель 2017 Жаңалықтар