28
январь
2022
"Ең таза бөлме" апталығы

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастырады. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтайтын жас ұрпақта. Осыған орай мектеп жанындағы интернат жатақханасындаоқушылардың жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу мақсатында "Ең таза бөлме" апталығы ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде ең таза бөлмелер анықталып,арнайы сыйлықтармен марапатталды.