Аттестат тапсыру салтанатты кеші » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2022

Аттестат тапсыру салтанатты кеші

Биылғы жыл біздің мектебіміз үшін ерекше жыл болып отыр. Мектебімізге есімі берілген Кеңес Одағының Батыры Есмұрат Сиқымовқа 100 жыл толды. Мектептегі әр шара осы айтулы 100 жылдық мерейлі мерекемен тұспа-тұс өтіп жатыр. Бүгін де мектеп бітіруші түлектер құрметіне арналған "Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!" атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтіп, Есмұрат Сиқымовтай батыр бабаның өнегелі ерлік істері тілге тиек етілді. Жиынға Ақсу ауданының әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы және аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Қожанова Салтанат Айтқожақызы қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры мен аудан әкімі сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтап, ақ жол тілей отырып, түлектерге аудан әкімі аттестат табыстады. Мектеп бітірушілер Оңал Гүлмира ұстаздарға арнауын оқыса, Ерғали Айгерім ізгі тілегін білдірді. Долда Серікбол сыныптастарына жүрекжарды лебізі мен тілегін айтып, ұстаздарға алғыс білдіріп, күйін тарту етті. Сонымен қатар 9 «А» сынып оқушысы Мәсіғүт Шұғыла, мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сейденова Мадина Асетқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсебаева Ақбота Амангелдіқызы жас түлектерге ән шашуларын арнады. Жиында жас түлектердің ата-аналары, сынып жетекшілері түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.