20
январь
2023
"Ризашылық- мейірімділік бұлағы" жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында өткен мектепішілік турнир"Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезім бар ма?"тақырыбында дебат өткізілді.


"Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша "Ризашылық- мейірімділік бұлағы" жалпы ұлттық мәдени-білімберу жобасы аясында өткен мектепішілік турнир"Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезім бар ма?"тақырыбында дебат өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың бойына патриоттық сана-сезімді дамыта отырып, отбасына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дебат американдық парламенттік форматта өтті. Ереже бойынша, сайысқа 4 адам қатысты. Ойын қорытындысы бойынша үкімет тарапының спикерлері Асқабыл Бүлдіршін мен Қалияс Айбота жоғары деңгейде ойын көрсетіп, мақтау қағазымен марапатталды.