Іс-шаралар » Страница 7 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
13
октябрь
2023
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
2023 жылдың қазан айының 11-12 күндері  жас мамандар арасында мектепішілік «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Мақсаты: жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын калыптастыру. Байқауға 12 жас маман қатысып, қорытындысы бойынша  Толеубекова Арайлым Кумисбековна- «Шығармашыл ұстаз» номинациясын,  О разхан Диана Оралханқызы- «Жаңашыл ұстаз»
Семинар-практикум
12
октябрь
2023
Семинар-практикум
Аудандық семинар-практикумға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Самихова қатысып, "Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу" тақырыбында шебер-сынып өткізді. Пән мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланды.
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
11
октябрь
2023
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың және "Дарабоз" дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес мектепішілік "Ақылдылар алаңы" интеллектуалды сайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекетін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сайысқа 8-10-сыныптар арасында 12 қатысушы қатысып, оқушылар арасындағы тартысты ойынның куәсі болдық. Мектеп оқушыларының интеллектуалды ойындарға қызығушылығы
"Үздік психолог" байқауы
05
октябрь
2023
"Үздік психолог" байқауы
04 қазан күні аудандық "Үздік психолог" байқауы болып өтті. Байқауға мектебімізден Ғали Айдана Есенғалиқызы қатысып, "Жас психолог" номинациясына ие болды. 
«Ақберен» республикалық өнер байқауының І (аудандық) кезеңі
15
сентябрь
2023
«Ақберен» республикалық өнер байқауының І (аудандық) кезеңі
2023 жылдың 15 қыркүйек күні 8-11-сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының І (аудандық) кезеңіне Асылбайқызы Маржан,  Толқын Құзар,  Пазылжан Ұлпан,  Айқынұлы Ілияс қатысты.  Асылбайқызы Маржан 2 орынға ие болса, Толқын Құзар 1 орын иеленіп, облысқа жолдама алды.  
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
04
сентябрь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  оқушылардың бос уақытын тиімді, пайдалы өткізу, кітап  оқуға деген  қызығушылығын ояту мақсатында 5 "А" сыныбы О.Бөкейдің "Апамның астауы" шығармасын сынып болып оқып, кейіпкерге мінездеме бере отырып талдады. Ал 4 "Ә" сыныбы оқушылары Б.Майлиннің "Күлпаш", "Аштық құрбаны" әңгімелерін оқып, топ қа бөлініп талдады. 
"Әкешім-асқар тауым"
04
сентябрь
2023
"Әкешім-асқар тауым"
Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Жанұядағы әкенің орнын, рөлін айқындау мақсатында мектебімізде 1 "А" сыныбының жетекшісі А.Н.Жиенбаеваның ұйымдастыруымен "Әкешім-асқар тауым"атты сынып оқушыларының әкелерімен кездесу өтті. Кездесуге келген әкелер қауымының әр мамандық иесі өз ісінің шебері екендігін көрсетіп, балаларға үлгі өнеге болды. 
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумы
31
август
2023
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті  «Назарбаев Зияткерлік  мектептері » дербес білім беру ұйымымен бірлесіп жас мұғалімдермен жүйелі жұмысты жандандыру мақсатында 2023 жылдың 24-25тамыз аралығында  Астана қаласы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының базасында  «Жас ұстаз :табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумына мектебіміздің жас ұстаздары Сейденова М.А. және Шоранова Т.С. қатысты.Форумда жас ұстаздарға арнап педагогикалық квестер,тренингілер мен
.
19
март
2023
.
Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 
.
19
март
2023
.
Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубай‌қызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді. Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.