25
сентябрь
2025
Әдістемелік күн
Әдістемелік күн 2025 жылғы 25 қыркүйек күні мектебімізде жоспарлы әдістемелік күн ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу және оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру.
Әдістемелік күн аясында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:
• Кейс-сабақ: «Дарынды оқушымен жұмыс: зерттеу, мотивация және нәтижеге бағыттау» (Кыдырманова А.Н., Бейсембаева Ш.)• Тәжірибелік талдау: «Олимпиада мен ғылыми жобаларға оқушыларды дайындау жолдары» (Мұқамет Ж.)• Топтық жұмыс: «Пәндік олимпиада тапсырмаларын талдау және стратегия құру» (Аманжол Н.)Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындаудың тиімді әдістерін талқылады. Сонымен қатар, дарынды балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері мен мотивация тетіктері қарастырылды.
📈 Іс-шара соңында рефлексия ұйымдастырылып, ұсыныстар мен келесі қадамдар белгіленді.
Әдістемелік күн – мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаң. Алдағы уақытта да мұндай тәжірибе алмасу күндері жалғасын табады.