Әдістемелік күн » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2025

Әдістемелік күн

 Жас мамандармен және жаңадан келген педагогтермен жұмыс
2025 жылғы 09 қазанда мектебімізде жас мамандар мен жаңадан келген педагогтерге арналған әдістемелік күн өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – педагогикалық жолдың басындағы ұстаздарға жүйелі әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Әдістемелік күннің негізгі бағыттары:
1.    «Жас мұғалімге әдістемелік қолдау: алғашқы қадамнан тәжірибе таратуға дейін» (Кыдырманова А., Кожакаева А.)Бұл бөлімде жас педагогтердің алғашқы оқу жылындағы қиындықтары мен оны жеңу жолдары, сабақты жоспарлау мен сыныппен жұмыс жүргізудегі тиімді әдістер қарастырылды.
2.    «Менторлық және коучинг: жас педагогтерді қолдау тетіктері» (Бейсембаева Ш.)Менторлық жүйесінің маңызы, тәлімгер мен жас маман арасындағы ынтымақтастық, кәсіби рефлексия жүргізу жолдары талқыланды. Тәжірибелі ұстаздар коучинг элементтерін қолдана отырып, жас әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетті. 
3.    «Сабақ құрылымы мен тиімді жоспарлау әдістері» (Касымбекова А.А.)Мұғалімдерге сабақтың кезеңдерін дұрыс жоспарлау, оқу мақсаттарын нақты қою, бағалау критерийлерін әзірлеу және рефлексия жүргізу тәсілдері бойынша практикалық кеңестер берілді. 
Әдістемелік күн барысында тәжірибелі педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандармен ашық диалог форматында пікір алмасты. Топтық жұмыстар, ситуациялық тапсырмалар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.