Мұғалімдер » Страница 2 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Электр тогын қандай денелер өткізеді?" сабағы
19
март
2024
"Электр тогын қандай денелер өткізеді?" сабағы
19 наурыз 2024 жылы "STREAM" жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі М.Дауирова 4Б сынып оқушыларымен "Электр тогын қандай денелер өткізеді?" тақырыбында, физика пәнінің  мұғалімі Ш.Бейсембаева 7 сынып оқушыларымен физика пәнінде алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында  сабақтары  өтті. Сабақ барысында оқушылар тоқ көзі жәшігінің құралдарын пайдалана отырып электр тогын өткізетін және өткізбейтін денелерді ажыратып, қосымша  тапсырмалар орындады. Алған теориялық білімдерін
«ROBOT TIME» сабағы
01
март
2024
«ROBOT TIME» сабағы
1 наурыз 2024 жылы «STREAM» жоспарына сәйкес информатика пәнінің мұғалімі Ж.Жубаеваның 7 сынып оқушыларымен «ROBOT TIME» сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: роботехникадағы идеяларды практикалық тұрғыда іске асыру үшін: танымдық, зияткерлік және шағармашылық қасиетттерді шыңдау. Міндеттері: ғылыми-техникалық бағыттағы креативті-шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру; Робототехника құрал-жабдықтары көмегімен зерттеу жүргізу нәтижелерін бағалай отырып ұсыну және қорғау дағдаларын ұштау.
"Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің облыстық кезеңі
29
февраль
2024
"Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің облыстық кезеңі
2024 жылдың 28 ақпан күні Талдықорған қаласында өткен "Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің облыстық кезеңіне мектебімізден  2 бағыт бойынша 2 команда қатысып, 2 команда да жүлделі орындармен марапатталды. І орын - "Stream Flash" командасы, 8А сынып оқушылары Ербол Айбар мен Батырбек Алижан ІІ орын - "Stream" командасы, 7Ә сынып оқушылары Бегнұр Қыран мен Әсет Ақтаң Жетекшісі  Жубаева Жансая Раисовна Жүлделі орын алған команда оқушылары турнирдің республикалық кезеңіне жолдама
Әдістемелік күн. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы(жобамен таныстыру)
28
февраль
2024
Әдістемелік күн. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен
"Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 28 ақпан күні әдістемелік күн болып өтті. Әдістемелік күнде мектеп директоры Гүлжан Оспанқызы педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы бұйрық жобасымен таныстырып өтті.
«Математикалық регата» олимпиадасы
23
февраль
2024
«Математикалық регата» олимпиадасы
2024 жылдың 23 ақпан күні Талдықорған қаласында өткен «Математикалық регата» олимпиадасына  математика пәнінің мұғалімі Мұқамет Жазиман қатысып, алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!
Аудандық «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы
19
февраль
2024
Аудандық «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы
2024 жылдың 19 ақпан күні жас ұстаздар арасында аудандық «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауына жас маман, химия пәнінің мұғалімі Қайркен Гүлнұр қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Шәкәрім ақын шалқарынан» атты әдеби танымдық кеш
14
февраль
2024
«Шәкәрім ақын шалқарынан» атты әдеби танымдық кеш
Мектепішілік әдістемелік және дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш болып өтті. Мақсаты: оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру.  Іс-шара барысында оқушылар ақынның шығармаларымен танысып, өлеңдерін жатқа оқыды.
«Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесі
09
февраль
2024
«Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесі
2024 жылдың 09 ақпан күні тәлімгерлер мен жас ұстаздар арасында аудандық «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесіне тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі А.Касымбекова мен жас маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Оразхан қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Пирография» тақырыбы
06
февраль
2024
«Пирография» тақырыбы
06 ақпан 2024 жылы «STREAM» кабинетінің жоспарына сәйкес «ART қолөнер» жобасы аясында технология пәнінің мұғалімі А.Адильбаев 7-8 сынып оқушыларымен «Пирография» тақырыбында қосымша сабағы өтті. Оқушылар  «Пирография» тақырыбының мақсатымен және қауіпсіздік ережелерімен танысты. Оқушылар таңдалған суретті калька қағазының бетіне көшіріп, сурет бетіне калька қағазын төсеп, мықтап бекітіп, суретті қарындашпен бастырып шығарып, жұмыстарын көрсетті. Оқушылар пирографиямен толықтай жұмысты
"Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі
01
февраль
2024
"Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 31 қаңтарында "Мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу, кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, талантты мамандарды таңдау мақсатында "Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 11тәлімгерлер өздерінің 11 тәлім алушыларымен қатысты. Әдістемелік жәрмеңке жұмысы келесі бағыттар бойынша