Мұғалімдер » Страница 4 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Әдістемелік сандықша» байқауы
15
ноябрь
2023
«Әдістемелік сандықша» байқауы
2023 жылдың 14 қараша күні аудандық «Әдістемелік сандықша» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: арнайы түзету-дамыту бағыты бойынша жеке, топтық бағдарламаларын құрастыратын, тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізетін арнайы педагогтерді анықтап, озат тәжірбиені тарату. Байқауға арнайы маман, логопед Тельгозина Арай қатысып, жүлделі І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. 
«Шабыт» жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігі
13
ноябрь
2023
«Шабыт» жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігі
2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың  13-24 қараша аралығында   «Шабыт» жаратылыстану (химия, биология, география, тарих) пән бірлестігінің онкүндігі өтуде. Онкүндіктің ашылуы болып, іс-шара барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындады.
Әдістемелік күн. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан педагогтердің іс-тәжірибесінен
09
ноябрь
2023
Әдістемелік күн. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға
2023 жылдың қараша айының 02-03  күндері Астана қаласында өткен «Ауыл мектептерінің гүлденуі-қоғамның игілігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Г.Дауренбекова, Ш.Бейсембаева,  А.Касымбекова, Н.Аманжол барып қайтты. Мектепте әдістемелік күн ұйымдастырылып, конференцияға қатысқан әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеу жұмыстарын көрсетті.
«Педагогикалық дебют-2023» байқауы
09
ноябрь
2023
«Педагогикалық дебют-2023» байқауы
2023 жылдың 08 қараша күні мектепішілік  жас мамандарға арналған «Педагогикалық дебют-2023» байқауы  болып өтті. Бұл байқау жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. І орынды бастауыш сынып мұғалімі Дауирова Мадина, ІІ орынды химия пәнінің мұғалімі  Қайркен Гүлнұр, ІІІ орынды МАД тобының тәрбиешісі  Тасыбекова Мадина иеленді.
Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартудың тиімді жолдары (каникулдық мектеп)
02
ноябрь
2023
Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартудың тиімді жолдары
02 қараша күні Е.Сиқымов атындағы орта мектеп базасында "Жетісу облысы білім басқармасы" ММ Әдістемелік орталығы педагогтердің білімін үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іс-шара болып өтті.  "Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартудың тиімді жолдары" (каникулдық мектеп) тақырыбында бағдарламаға сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері (4-сынып), 9-сыныпта сабақ жүргізетін пәндердің мұғалімдерінің қатысуымен аталған
«Lesson study» зерттеу сабақтары
18
октябрь
2023
«Lesson study» зерттеу сабақтары
Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Мектепте Lesson Study циклін өткізу үшін 4А, 6Ә, 7Ә, 8А сыныптарында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін топ құрылды. Әр топ өздерінің І цикл бойынша сабақтарын өткізді.  
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
13
октябрь
2023
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
2023 жылдың қазан айының 11-12 күндері  жас мамандар арасында мектепішілік «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Мақсаты: жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын калыптастыру. Байқауға 12 жас маман қатысып, қорытындысы бойынша  Толеубекова Арайлым Кумисбековна- «Шығармашыл ұстаз» номинациясын,  О разхан Диана Оралханқызы- «Жаңашыл ұстаз»
Семинар-практикум
12
октябрь
2023
Семинар-практикум
Аудандық семинар-практикумға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Самихова қатысып, "Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу" тақырыбында шебер-сынып өткізді. Пән мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланды.
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
11
октябрь
2023
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың және "Дарабоз" дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес мектепішілік "Ақылдылар алаңы" интеллектуалды сайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекетін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сайысқа 8-10-сыныптар арасында 12 қатысушы қатысып, оқушылар арасындағы тартысты ойынның куәсі болдық. Мектеп оқушыларының интеллектуалды ойындарға қызығушылығы
Мектепішілік онкүндіктер
02
февраль
2023
Мектепішілік онкүндіктер
Мектепішілік онкүндіктерді жүйелі түрде өткізу мұғалімдердің  кәсіби шеберліктерін шыңдай түсетіні белгілі. Мұғалім онкүндік барысында ең үздік сабақтарын көрсетуге тырысады. Алайда бұл күнделікті сабаққа немқұрайды қарауды меңземейді. Мұғалім қызметіндегі ең  маңызды дүние- сабақ. Әр сабақтың сәтті де қызықты өтуі мұғалімнің үлкен жетістігі дер едім. Онкүндіктердің барысында мұғалімдердің үздік деген  сабақтарын бақылау, бірлесе талдау, өзіндік талдау жүргізу, проблеманы анықтау, оқушылар мен