22.09.2022 жыл » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

22.09.2022 жыл

2022-2023 оқу жылында  №49 бұйрығымен міндетті оқу қорынан бөлінетін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 48 бала. Тамақпен қамтылған оқушылардың  АӘК алатын – 43 оқушы, қорғаншылықтағы  – 1 оқушы  және аз қамтылған отбасы – 3 оқушы, толық емес отбасы – 1 оқушы. Тамақ ішетін оқушылар 1-11 сынып аралығындағы оқушылармен қамтылды. Оның ішінде 1-4-сыныптан 31 оқушы, 5-11-сыныптардан 17 оқушы. 1- сыныптардан  11 оқушы, 2-сыныптардан – 2 оқушы, 3-сыныптардан – 12 оқушы, 4-сыныптардан – 6 оқушы, 5-сыныптардан – 6 оқушы, 6-сыныптардан – 3 оқушы, 8-сыныптардан – 5 оқушы, 9-сыныптардан – 2 оқушы, 11-сыныптан-1.Әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз жұмыс жасай отырып, тамақ ішетін оқушылардың толығымен іс-қағаздары жинақталып, тексерілді. Ата – аналардың өтініштері жинақталып, мектеп тарапынан анықтамалар беріліп, тіркеу журналдарына жазылды. Күнделікті 1 ауысым бойынша 21 оқушы сағат 11:25-ден бастап және 2-ауысым бойынша 27 оқушы сағат 15:05-ден бастап мектеп асханасында тамақ ішеді. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын, оқушылардың күнделікті ыстық тамақ ішуін  мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті әлеуметтік педагог  Г. Азатқызы  тексеріп тұрады. Бастауыш сынып жетекшілерінен оқушыларды тамаққа апару және мектеп әкімшілігінен кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. Жеке кәсіпкер А. Амирова ыстық тамақпен қамтылу туралы іс- қағаздары жинақталып бір жүйеге келтірілген.