Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай өткен мектепішілік «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау туралы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай өткен мектепішілік «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау туралы
14
январь
2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай өткен мектепішілік «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау туралы

«Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018-2019 оқу жылы 2-сыныпта – 22 және 5-сыныпта – 39 оқушы бар.

16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында мектепішілік «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдануға өтініш берген оқушылар саны – 42, оның ішінде 2а сыныбынан – 11 оқушы, 2ә сыныбынан - 13 оқушы, 5а сыныбынан – 9 оқушы және 5ә сыныбынан – 9 оқушы. Аталған оқушылар өз сыныбының оқу озаттары мен екпінділері, сондай – ақ, мектепішілік, аудандық жарыстардың жүлдегерлері. Өтініш берген 42 оқушының барлығы мереке күні ұйымға қабылданды.

«Жас Ұланның» мақсаты:

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас Ұланның» міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Осы мақсат – міндеттерді ұстана отырып, оқушылар белсенділік танытты. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Н.Дауренбекова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Нұрлыбекова, «Алтын белгі» белгісіне үміткер, 11а сынып оқушысы Т.Нұрмұхамбет және «Үздік куәлікке» үміткер, 9а сынып оқушысы М.Қалмаханұлы әр оқушыға галстук пен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» төсбелгісін тағып, ізгі тіліктерін білдірді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай өткен мектепішілік «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау туралы