14
декабрь
2022
«Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»



«Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай, 2022 жыл "Балалар жылы" деп жарияланғалы "бар жақсылық -балаларға деп" білім ордалары мен, мәдениет ошақтарында балаларға арналған түрлі іс-шаралар өтуде. Желтоқсанның 14 күні Молықбай атындағы аудандық мәдениет үйінде, аудандық кітапхананың балалар бөлімі ұйымдастырған "Кітаптар әлемі" атты мереекелік кеш болып өтті. Осы кешке мектебіміз оқушылары Тұрсын Ақбота, Мақсатұлы Рамазан, Русланқызы Амина, Меңғали Елдос қатысып, өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. Арнайы алғыс хатпен Тұрсын Ақбота марапатталды.