1-қыркүйек Білім күні » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

1-қыркүйек Білім күні

"Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-қыркүйек Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын барысында Кеңес Одағының батыры Есмұрат Сиқымовтың рухына  1 минут үнсіздік жарияланып, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мектебіміздің директоры Ибраимова Рахат Нығметбекқызы оқушыларды  мерекемен құттықтап,  жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сондай-ақ 1 сыныпқа қабылданған Олжасбекқызы Елназ және 11 сынып оқушысы Байболова Нұрай алғашқы қоңырауды соқты. 11 сынып оқушылары 1сынып оқушыларына жылдағы дәстүр бойынша сыйлықтарын табыстады. 
 Салтанатты жиынның екінші бөлімі «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаттары мен дәл осы тақырыпта үшінші бөлім республикалық онлайн акциясымен жалғасын тапты.