«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» » Страница 11 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2017

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қоғам үшін ең бастысы- тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі-заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық- адам бостандығы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Осы онкүндікке орай, мектебімізде «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық онкүндігінің жоспары құрылып, іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, А.Ж.Оспанбекова «Біз әлемді өзгертеміз, зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында оқушыларға эссе жаздыртып, 7-11 сыныптар арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта Г.М. Нұрлыбекова кездесу өткізді.
8-10 сыныптар арасында «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты тест жұмысын әлеуметтік педагог А.Ж. Оспанбекова алып, еңбек пәнінің мұғалімі А.М.Еркмалиева «Әрқашан күн сөнбесін» атты сурет байқауын өткізді.
Мектеп психологы Р.Баймолдаева «Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында тренинг, ал мектебіміздің ДТІЖО Г.М. Нұрлыбекова «Зорлық-зомбылықсыз әлем» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.

«Е.Сиқымов атындағы орта мектебі
мектеп жанындағы интернатымен»
КММ-нің әлеуметтік педагогы
Оспанбекова Айгерім Жұмабекқызы

Похожие публикации:

Назад 1 2 3 Вперед