"Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Мектебіміздің
ресми сайтына
Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
«Тәуелсіздік тірегім – Қазақстан жүрегім» тақырыбындағы тәрбие сағаты
03
декабрь
2025
«Тәуелсіздік тірегім – Қазақстан жүрегім» тақырыбындағы тәрбие сағаты
Мектебімізде 03 желтоқсан күні интернат оқушыларымен «Тәуелсіздік тірегім – Қазақстан жүрегім» тақырыбындағы тәрбие сағаты интернат оқушыларында патриоттық сезім қалыптастыру, ел тарихына құрмет, тәуелсіздік құндылықтарын бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы, оның кезеңдері мен жетістіктері туралы мәліметтер берілді. Тәуелсіздіктің мемлекет дамуы мен ұлт болашағы үшін маңызы түсіндірілді. Оқушылар тәуелсіздік
«Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты
28
ноябрь
2025
«Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты
Мектебімізде 27 қараша күні интернат оқушылары арасында «Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты — оқушыларға жеке бостандықтың мәнін түсіндіру, әрбір еркіндіктің белгілі бір жауапкершілікпен тығыз байланысты екенін ұғындыру, өз әрекетіне жауап беру мәдениетін қалыптастыру.  Тәрбие сағаты барысында оқушыларға тақырып бойынша қысқаша түсіндірме беріліп, бостандық ұғымының түрлері (ой еркіндігі, сөз еркіндігі, таңдау еркіндігі және т. б.) мен олардың
“Күзгі асар” көрмесі
28
ноябрь
2025
“Күзгі асар” көрмесі
Қамқор” жобасы аясында “Күзгі асар” көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрмеге оқушылар, ата-аналар белсенді қатысып, өз қолдарымен әзірлеген қолөнер бұйымдарын ұсынды.
"Ұйқы және психикалық денсаулық" тақырыбындағы сабағы
24
ноябрь
2025
"Ұйқы және психикалық денсаулық" тақырыбындағы сабағы
Ата-ананы қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 11Ә сынып жетекшісі Бейсембаева Ш.Н. мен 10А сынып жетекшісі Мұқамет Ж. "Ұйқы және психикалық денсаулық" тақырыбындағы сабағын өткізді.  Мақсаты: жасөспірімнің психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата- аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Міндеттері: 1)Ата-аналарды жасөспірімнің ұйқыға қатысты пайдалы әдеттерін дамытуға ынталандыру. 2)Ата-аналардың ұйқының жасөспірімдердің психологиялық және эмоционалдық жағдайына
Теңге тарихы-жауапкершілік сабағы
14
ноябрь
2025
Теңге тарихы-жауапкершілік сабағы
5 қараша - Ұлттық валюта күні! Бүгін 10 "Б" сыныбында "Теңге тарихы-жауапкершілік сабағы" тақырыбында сынып сағаты өтті.  Оқушылар  төл теңгенің шығу тарихымен танысып, оның еліміз үшін маңызын талқылады.  Теңге -  жай ғана ақша емес, бұл тәуелсіздігіміздің нышаны, экономикалық тұрақтылықтың негізі. Сынып сағаты барысында теңгенің қорғалуы, дизайны және тарихи тұлғалар бейнесі туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, викториналық сұрақтар арқылы білімдерін бекітті. Өз ұлттық валютамызды құрметтеу
Теңге тарихы - жауапкершілік сабағы
14
ноябрь
2025
Теңге тарихы - жауапкершілік сабағы
«Теңге тарихы - жауапкершілік сабағы" Оқушыларға ұлттық валюта — теңге туралы түсінік беру, оның тарихы мен маңызын ұғындыру; «АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ» Адамның жеке шекарасы туралы түсініктерді тереңдету, жеке шекараларды қорғау қағидаларымен таныстыру.
"Өсімдік-тіршілік көзі" тақырыбында тәрбие сағаты
12
ноябрь
2025
"Өсімдік-тіршілік көзі" тақырыбында тәрбие сағаты
2025 жылдың 23 қазан күні мектеп жанындағы интернат оқушыларымен "Өсімдік-тіршілік көзі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды өсімдіктердің табиғат пен адам өміріндегі орны туралы жан-жақты ақпараттандыру, бөлме өсімдіктерін күтуге баулу, табиғатты сүйіп, оны қорғауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында өсімдіктерді дұрыс күту ережелері түсіндіріліп, оқушылар мектеп жанындағы интернатта бар өсімдіктер туралы әңгімеледі. Шағын бейнеролик көрсетіліп, сұрақ
«Таза бейсенбі» акциясы
06
ноябрь
2025
«Таза бейсенбі» акциясы
Таза бейсенбі – таза орта! Бүгін аудан бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акция барысында мекеме аумағы тазаланды Тазалық – баршамыздың ортақ ісіміз!
"Ұлттық код-менің бойымда"тақырыбында  MI BATTLE зияткерлік ойыны
31
октябрь
2025
"Ұлттық код-менің бойымда"тақырыбында MI BATTLE зияткерлік ойыны
Мектепішілік  күзгі каникул кезіндегі жоспарға сай  тарих пәнінің мұғалімі Қ.Сүлейменов "Ұлттық код-менің бойымда"тақырыбында  MI BATTLE зияткерлік ойынын өткізді. Мақсаты – оқушылардың бойына ұлттың рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру, ата-баба мұрасына құрметпен қарауға баулу, салт-дәстүр мен тілді, тарих пен рухты ұлықтауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, ұлттық болмысын танитын, ұлттық кодын сақтайтын және оны мақтанышпен дәріптейтін ұрпақ қалыптастыру.

Жаңалықтар топтамасы

03 ноябрь 2025 Ауыл олимпиадасы