17
январь
2020
терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі
Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекетімізді күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе -терроризм. Қазіргі уақытта, терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Осының алдын алу мақсатында мектебімізде 15 қаңтар күні АӘД пәнінің мұғалімі Ермұхамбет Айтуұлы МАД тобы және 1-11 сыныптар арасында іс-шара өткізді.Іс-шара барысында экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолдары көрсетілді.



