21
ноябрь
2022
Ақсу АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Мамырбекова Назерке Сабырбекқызымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.


Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру сонымен қатар оқушылар арасында орын алып жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде қараша айының 21 күні Ақсу АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Мамырбекова Назерке Сабырбекқызымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Оқушыларға бүгінгі күндегі өзекті мәселелер, орын алып жатқан жәйіттер туралы айтып, оқушыларды құқықтық сауатты бола отырып, өз міндеттерін ұмытпауға шақырды. Кездесуде оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын ортаға салып, жауаптарын алды.