21
октябрь
2022
Ақсу АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Мамырбекова Назерке Сабырбекқызымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында мектебімізде қазан айының 21 күні Ақсу АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Мамырбекова Назерке Сабырбекқызымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге мектеп психологі, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медициналық қызметкері қатысып, оқушыларға бүгінгі күндегі өзекті мәселелер, орын алып жатқан жәйіттер туралы айтып, оқушыларды құқықтық сауатты бола отырып, өз міндеттерін ұмытпауға шақырды. Кездесуде оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын ортаға салып, жауаптарын алды.